“Зейнеткерлерді “лақтырған” президенттің жазасы осындай болады” дейді түрік халқы

0
433

Түркияда әкімдерді сайлау науқаны аяқталды. Нәтижесінде Мемлекет және халық партиясы (Cumhuryet halk partisi)  ең жоғары көрсеткішпен алға шықты. Саяси науқаннан кейін түркиялық әлеуметтік желіде түрлі пікірлер қарша борауда деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.

Түркия мемлекетінде Қазақстанмен салыстырғанда, көптеген өзгеше саяси тактикалар бары рас. Әрине, екі елді саяси тараптан салыстыру дұрыс бола қоймас. Десек те, Түркияда бір ерекше саяси әдіске тоқталғымыз келеді.

2024 жылғы наурыздың 31-іне жоспарланған әкімдерді сайлау науқаны қарсаңында билік партиясы саналатын “Ақ партия” өкілдері мінберлерден “зейнетақыға 3000 Түрік лирасы көлемінде үстемақы қосылады” деп ұрандатты. Қазіргі кезде түрік зейнеткерлерінің ең төмен зейнетақысы біздің теңгемен 138 000, ал Түрік лирасымен 10 000 TL болатын.

Осыған орай “зейнетақыны 13 000 TL етеміз” деген Ақ партия уәдесін созбақтап жүріп алды. Наурыздың ортасына дейін күн сайын “ақ партиялық” бір өкілі шығып “осы аптада, келесі аптада” деп үстемақы уақытын 31 наурызға дейін соза тұрмақ болған қулықтары өздеріне зиян келтірді.

Зейнетақысы мен айлығына бір тиын қосылмаған түркиялықтар әкімдер сайлауында дауысын қарсы тарапқа беріп, Ердоғанның партиясын ойсырата жеңді. “Үстемақы қосамыз, Рамазан мейрамына пәлен ақша береміз” деп күн сайын ақпараттан хабарлады.

Біз де соңына дейін күттік. Алайда сайлау жақындағанда, сөздері сұйыла бастаған Ақ партия өздерін орға жықты. Себебі уәдесінде тұрмайтын билікке халықтың берер жауабы осындай еді”,- деп жазады.

“Халықпен ойнағанның қандай болатынын биліктегілер түсінді. Ел экономикасының құрдымға кетуі — халықтың көзін ашты. Бұл сайлау-Түркияның ертеңі үшін маңызды сайлау болды”,-дейді Түркия азаматтары әлеуметтік желілерде.

Жұрт осылай шуласып жатқанда, Ақ партия Түркия Қазына министрі Мехмет Шимшекке кінә артып, бұртиды. Себеп? Себебі зейнетақыға үстемақы қосуға осы министр Мехмет Шимшек қарсы болған көрінеді. Қалай десек те, Түркия халқы билікке үнін жеткізіп, бұл мемлекеттің иесі кім екенін танытты деп түрік ақпараттары хабар таратуда.

Фото ашық дереккөзден алынды.