“Шашынан ұстап VIP залға әкелдім” дейді Бишімбаев

0
399

Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың сотында әр күн сорақы сұмдықтар жарияланып жатыр. Келесі кезекте Бишімбаевтың Салтанатты соққыға жығатын күні туралы баяндағаны болды. Сотта сөйлеген Бишімбаевтың сөзін өз парақшасында журналист Дәурен Дариябек бөлісті деп хабарлайды Democrat.kz ақпарат порталы.

“Өзім тәлтіректеп тұрмын, маспын. Охранникті іздедім, паркингке түстік. Көлікпен енді жүре бергенде бардюрді соқтым. Сосын қайта барға қарай жүрдік. Лифтіде «осы хәл ме еді екеумізге керегі?» — деп ренішімді айттым. Лифтімен көтерілдік. Шашынан ұстадым, төрт рет ұрдым, екі рет сол қолмен, екі рет оң қолмен. Тағы құлап қалды.

Төрт-бес рет тептім. Тұр деп айқайладым. Тұрмады. Шашынан тартып көтердім, туалетке апардым. Ол да мен де жуынайын деп. Шашынан ұстап VIP залға әкелдім. Жинал, шалбарыңды ки, такси шақыр, кетеміз. Таңғы сағат 08:00. Мелшиіп маған қарап отыр, үндемейді. Диванға жантайды. «Трезвый водительге» хабарласқан болуым керек. 30-40 минуттан кейін қорылдай бастады.

Үзіліп-үзіліп қорылдады. Қарным аш еді. Байжановты шақырдым, Салтанатты үйге апару керек дедім. Байжановқа тыр жалаңаш екенін көрсетпес үшін екі плед алдырттым. Біреуін арқасынан, біреуін алдына жаптым. Сүйегенімізде рефлекс бар еді. Ояна алмады. Сол жақ беті қатты көгерді. Сәуегейге хабарластым, 10 минуттан кейін хабарлас деді. Қатты мас, кешкісін қалыпқа келеді деді.

Байжановқа «Аспирин мен кетонал әкел» дедім. Салтаның соткасы мен кілтін әкелді. Алиби ретінде емес еді, олай болса өзімнің соткамды да беріп жіберер едім. Фитнеске апаруды, ЦКЗ-дан Салтаның қалып кеткен пальтосын алуды тапсырдым. Бақытжан персоналдарын жұмсайды деп ойламадым. Бепантен алдырттым. Оянбады.

Нашатыр спиртін алдырттым, мұрнына иіскеттім. Реакция болмады, сосын ауызына апардым. Персоналдарды қайтаруды сұрадым. Тамақ алдырттым, бірге жедік. Оянатын шығар, бара бер дедім. Маңдайын ұстап көріп едім, суып кетіпті.

Тамырын ұстап көріп едім, пульс таппадым. Бақытжанды қайта шақырттым, ол да пульс таппады. Сосын скорыйды шақырдық. Міне, осылай болды. Жағы түсіп қалыпты, сосын түсіндім Салтаның кеткенін. Асханаға барып суицид жасағым келіп, пышақты алдым. Артынша полиция келді”.

Фото ашық дереккөзден алынды.