Су тасқыннан зардап шеккен отбасы қанша өтемақы алады?
Су тасқынынан зардап шеккен әр отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы өтемақы беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
Қираған үйлер Үкімет резерві есебінен қайта салынады. Өңірлерге қаражат Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы бағытталады. Жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлер әкімдіктердің қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.
Шығын құнын есептеуді әкімдіктер су тасқыны толық аяқталған соң жүргізеді. Саяжай үйлері бойынша өтемақы мөлшері де 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл ретте саяжай жалғыз тұрғын үй болса немесе зардап шеккендер халықтың әлеуметтік осал тобында болса, әкімдіктер баламалы тұрғын үй беруді қарастырады.
Арай Дәулетқызы, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы: — Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша шығынды өтеу жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүргізіледі. Олардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа банктер мен микроқаржылық ұйымдар бөлімшелеріне бармай-ақ, кредиттер бойынша төлемдерді 3 ай мерзімге, яғни 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымға дейін автоматты түрде кейінге қалдыру беріледі.
Фото ашық дереккөзден алынды.