“Бір шешімге келдім” дейді Жұлдыз Әбдікәрімова

0
161

Ел басына күн туғанда Жұлдыз Әбдікәрімова да өзгелер секілді көмек қолын ұсынғанын айтып, әлеуметтік желі парақшасында жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

“Білесіздер ме? Ел басына күн туғанда мейірімділікпен, адамгершілікпен, жомарттықпен сыналып жатамыз.

Қоғам өзгерді ме, адам өзгерді ме, әйтеуір, әр жасаған қадамыңа есеп бермесең, шалыс бассаң сынның астында қалып, жаншыласың.

Қайырымдылықты бірі Алла жолында, бірі биліктегілердің назарына іліну мақсатында жасырын, жария жасап жатыр. Енді біреулер сол жасалған қайырымдылықтан мін іздеп, кімнің қанша берген-бермегенін есептеп, сынап, мінеуде.

Өз елімнің азаматшасы ретінде елдегі қиын жағдайға үнімді қосып, қолымнан келгенше көмегімді аяған емеспін. Бірақ әр жасаған жақсылығымды әлеуметтік желіге сала бермеймін.

Десе де, сіздердің кешегі пікірлеріңізді оқи отырып, мынандай шешімге келдім.

Елдегі жағдайға қандай көмек бере аламын дегенде, біріншіден, шама-шарқым жеткенше, аз да болса, керекті заттармен қамтамасыз ету. Екіншіден, өз аудиториясы бар желі пайдаланушысы ретінде ақпараттық қолдау көрсету. Баршамызға бір Алла жар болсын!” деп жазады Қайрат Нұртастың әйелі.

Фото ашық дереккөзден алынды.