Биылғы ҰБТ қашан, қалай өтеді?

0
127

ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 6 мамырдан басталып 14 мамырға дейін жалғасады. Түлектер ҰБТ-ны әр өңірде әр түрлі уақытта  тапсырады.

Су тасқынына байланысты алты облыстағы талапкерлер ұлттық бірыңғай тестті сәл кейінірек тапысырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл ҰБТ тапсыру уақыты 16 мамырдан 5 шілдеге дейін жалғасады. Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады. Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ 6-20 мамыр мен 25 мамыр-12 шілде аралығында өткізілетінін мәлімдеді.

ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту пунктін, күнін және уақытын өздері таңдайды.

ҰТО өкілдері 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатынын еске салды.

Фото ашық дереккөзден алынды.