Прокурор: «Бишімбаевта адамға тән жүрек жоқ»

0
319

Бүгін жалғасын тапқан Бишімбаев сотында жарыссөз басталды. Жарыссөзде сөз алған прокурор Айжан Аймағанова «Бишімбаевта адамға тән жүрек жоқ» деп мәлімдеді деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Жарыссөзде сөз алған прокурор Айжан Аймағанова «Салтанатты бұрын танымадым, енді тани да алмаймын» деп бастап, Бишімбаевтың психологиялық портретін нақты ашып берді.

Бишімбаев Салтанатты материалдық тұрғыда өзіне бағындырып, тек күшпен басқарып отырғанын айтып, қайғылы оқиға болған күні алған соққысында Салтанаттың басында болған гематоманың көлемін заттай айғақты салыстыра көрсетіп берді.

Құтыға құйылған кетчуптың көлемін арнайы төгіп көрсеткен прокурор «осыншама қан көлемі Салтанаттың миынан сорғалап, тамырларын бастырған» деді.  Сонымен қатар прокурор Бишімбаевтың бүкіл әрекетінде ешбір өкіну, қайғыру сынды белгілер болмағанын және бүкіл процесс бойында көз жұмбай өтірік сөйлегенін айтты.

«Алайда Бишімбаевтың бүкіл айыбын оның телефонындағы өзі түсірген видеосы әшкерелеп берді. Соған қарамастан ол видеоны «монтаж» деді. 20-дан астам Бишімбаевтың өзі түсірген видеода оның Салтанатты қалай қорлағаны, ұрып-соққаны, жәбірлегені анық көрініп тұр» деді прокурор Айжан Аймағанова.

Фото ашық дереккөзден алынды.