Имамдардың ғылым туралы айтары бар ма?
Имамдар, устаздар ұлттық салт-дәстүрді жоққа шығарып жүр, хор қыздарын, тоқалдарды айтып кетті, белден төмен әңгіме айтады, дінді бұзды, одан да ғылымды, технологияны, алға дамуды айтпай ма деген пікірлер, посттар жиі жазылып жүр.
Бұлай дейтін адамдардың не діннен, не ғылымнан хабары жоқ.
Имамдар профи мамандар. Олар исламда ненің бар екенін, ненің жоқ екенін жақсы біледі. Исламға қайшы екенін біліп тұрса да үндемей қоя салғандардың арқасында ислам ғасырлар бойы жергілікті салт-дәстүрмен араласа келе, бізге жаңа формада орнықты, дәстүрлі ислам деп жүргеніміз сол.
Оны имамдар біледі, нағыз ислам қайда, самопал ислам қайда, айырмасын біледі. Олар дін бұзып жатқан жоқ. Олар өз жұмысын дұрыс атқарып, нағыз исламды уағыздап жатыр, олар құранға, шариғатқа сүйенеді. Олар салт-дәстүр үшін өз конституциясын қалай бұзады, өз сеніміне қалай қарсы шығады?
Екіншіден, Ғылым ешбір дін құдайларын мойындамайды. Жанның бар-жоғы әлі дәлелденбеді. Биологияның шегелеп тастаған шежіресінде адам жануарларға, приматқа жатады, оның аталас бауырлары — маймылдар.
Адамды Аллаһ балшықтан жасап, әйелді қабырғадан жасап, жұмақтан жерге түсірген дейтін діннің имамдары ғылымды не деп насихаттайды, ойламайсыңдар ма? Өзіне қарсы шығатын, өзін жоққа шығаратын ғылымды насихаттай ма? Әлде ғылым деген Балпық бидің Бөлтерек шешенге айтқандары деп жүрсіңдер ме? Ғылым деген ұлағатты сөздер емес, ғылым деген зерттеу мен дәлелдеу.
Имамдар белден төмен әңгіме айтады, қатындар туралы айтып, дінді бұзды деп жатады. Одан басқа не айтады? Дінде одан басқа қызық не бар айтатын?
Намаз, қыз қатын киімі, жуыну, қанша қатын алу, садақа, қызды неше жастан алу, зекет беру, хор қыздары, ораза, талақ мәселесі — діндегі тақырыптар осындай. Дінде тіке ұшып келе жатқан астероидтан қорғану жоқ, сұмдық эпидемиядан вакцина жасау жоқ, өзге планетаға ұшып, игеру жоқ, басқа не айтады енді?
Қорытындысы — имамнан дінде жоқ нәрсені, дінін бұзуды талап етпесеңдерш. Ұнамаса, діннен бас тартуға құқыларың бар
Айла КЕРР,
Facebook-тағы жазбасы.
Фото ашық дереккөзден алынды.