Көкбет ата-ана білім саласын да былғайды

0
1476

Бізді селқостық құртып жүргеніне бүгін көзім жетті. «Нем бар, басымды ауыртып, нервімді тауысып неғыламын?! Онсызда тұрмыстың қиыншылығынан қажып жүрмін!» деп көп адам келешекке атүсті қарайды екен.

Бұлай ойлауыма себеп: биыл ұлым 4-сыныпты тамамдайды. Бұйырса орта мектепке—бесінші сыныпқа көшеді.

Мәселе осы жерден шықты. Ұлым оқитын сыныпты өте тәжірибелі, небір керемет үздік сыныптарды қанат қақтырған, өте қатал апай алатын болыпты. Оны қазіргі сынып жетекшіміз аттай қалап ұсыныс етіпті. Мен де осы мектепте мұғаліммін. Ол кісіні бұрыннан білем, қай сынып шулы сол сыныпқа жіберіліп, тәртіпке келтіретін «батыр жетекші».

Ол ұлым оқитын сыныпты алады екен дегенді естігенде төбем көкке екі елі жетпей тұрды. Алайда аяқ астынан бір ата-ана атып шығып » ол жетекші болса шапкасын теріс қайырып жіберем. Баяғыда падуршкамның қызын дәптерін бетіне жыртып лақтырыпты! «деп шу шығарды.

Ол былай болған екен, бір сыныпта бір қыз бүкіл пәнді бір дәптерге жазып жүр екен. Өйтпе, дәптер ал, болмаса мен алып берейін» деп екі үш рет ескерткен. Тыңдамаған соң сөйткен. Соны желеу қып қиғылық салып отыр. Қазіргі жетекшіміз «өйтпе, біздің сыныпта ұл бала өте көп. Тәртіпсіз боп өзгеріп кетеді, оны қаламасаң қызыңды басқа сыныпқа ауыстыра сал! » деп жалбарынса көнбей отыр.

Мен ата-аналарға: «балаларымыз тәртіпті тәрбиелі, білімді боп өссін десек, осы қатал жетекшіге берейік, ол қатал болғанда біреудің басын жарып көзін шығарып жатқан жоқ қой, жай десі мықты, қабағымен басқарады, тәртіп бар жерде нәтиже бар!» деп айтсам «иә, иә!» деп қояды да, бірақ ана көкбет әйелге бір ауыз «қой!» деп айта алмайды, құрсын, бәлесі жұғады деп қорқақтай ма екен?!

Директорымыз да сол бір «жалмауыздан» именіп отыр.

Сонда оның жетекші талдау құқығы бар екен де біздің мүлде талдау құқымыз жоқ па?

Әй қой деп айтып едім, «қаңғыбас, келімсек!» деп тілдеп долданып басыма шапшыды. Содан «әйелмен әйел болам ба?!» деп қоя салдым. Әйеліме «пассс!» деп едім, «балаларыңмен миым ашып жүр, басымды қатырмашы!» дейді.

Қысқасы мына айналамдағы қазақтардан күдер үздім. Жыным келетіні жуас қазақты «шолақ белсенді» көкбеттер әбден басынып, айтқанымен жүргізіп алыпты. Мұндай қоғам дамуы, алға жылжуы мүмкін емесіне көзім жетті. Елдің болашағы мен ұрпағының тағдырында нем бар ей?! Одан да өз ұрпағымды ойлайын дедім де, ұлымды басқа мектепке ауыстыруға шешім қабылдадым.

Омар ҚҰРМАШ,

Facebook тағы жазбасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.