Өгей қызын иттің ұясында түнеткен

0
126

Қырғызстанда 3 жасар қыз түрлі дене жарақаттарымен Ыстық-Ата облыстық ауруханасына түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Чуй қалалық ішкі істер басқармасының тексерісі кезінде қыздың анасымен және 28 жастағы өгей әкесімен бірге тұратыны анықталды.

Тергеушілердің айтуынша, өгей әке баланы үнемі ұрып-соққан. Оның үстіне соңғы рет ер адам қызды итпен бірге үйшікте түнеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін ол ауруханаға жеткізілді.

Қырғызстан Республикасы қылмыстық кодексінің 138-бабы «Азаптау» бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.