Араб мұсылман қазақ мұсылманға ренішін айтты

0
355

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода басында сәлдесі, аузында Алласы бар араб ұлтының өкілі Қазақстандағы мешітте болған жағдайға байланысты пікірін айтты деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

“Қазақстандағы мешітте болған жағдайды көріп, білдім. Сол жағдайды көріп қапа болдым. Жамағат болып, намаз оқыған мұсылманның бірі екіншісін ұрып, құлатты. Бұл барып тұрған надандық. Шариғатта бұған тыйым салынған.

Сондағысы мұсылман бауыры дауыстап “әмин” деп айтқан екен. Бұл әрекет дінімізде де, мәзһабымызда да тыйым салынғанын айтар едім. Ал Ханафи мәзһабында жамағаттың намазын бұзуға тіпті жол жоқ. Тіпті кез келген намазды бұзуға болмайды.

Егер иқаму делінсе, онда сен қалау намазын бітіруге тиіссің дейді. Мұсылманның мұсылманға зарар беруі — үлкен күнә. Мәхһаб дегеніміз — Ислам діні емес пе? Бір діннің мұсылманымыз біз” деген араб мұсылманы мәзһабтарға қатысты да түсінік беріп, сөзінің соңында тағы да “мұсылман мен мұсылманның өзара төбелесі — үлкен күнә” екенін қайталады.

Араб мұсылманның айтқанынан түсінгеніміз, намазда дауыстап «әмин» деп айтуда тұрған ештеңе жоқ. Ал осы видео астына жазылған пікірлерге қарасақ, намазда «әмин» деп дауыстап айтуға болмайды екен. Қай мұсылманның айтқаны дұрыс екенін дөп басып айту мүмкін емес.

Фото интернеттен алынды.

@prosveti_mozgi

♬ оригинальный звук — Просвети мозги