Жер сияқты планета табылды

0
170

Аустралиялық ғалымдар көлемі Жермен бірдей жаңа планетаны тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сүйенсек, оның басым бөлігі су мен тасқа толып, жер бетінде қоңыржай климат орнаған. Ол жақтағы орташа ауа температурасы – 40 градус. Ғаламшар өмір сүруге жарамды болуы мүмкін екені айтылды.

Аспан денесі бізден 40 жарық жылы қашықтықта орналасқан, бұл ғарыштық стандарттар бойынша өте жақын. Зерттеушілер онда бір жыл небәрі Жердегі 13 күнмен сәйкес келетінін айтты.

Еске салайық, 2 ақпанда бұған дейін көлемі зәулім үймен бірдей астероид жерден 1,7 миль қашықта өтетінін жазған едік. Мамандар соқтығысу қаупі жоқ екенін айтты. NASA сарапшылары астероидтың диаметрі 480 метрге дейін жетуі мүмкін дейді.

Көлемі бойынша оны әлемдегі ең әйгілі зәулім ғимараттардың бірі, Нью-Йорктегі Эмпайр-Стейт-Билдингпен салыстыруға болады. Ғарыш нысаны 2008 жылы ашылды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.