Ең бақытсыз бала да — Қазақстанда

0
230

Халықаралық әлеуметтік зерттеу нәтижесі әлемдегі елдердің ішінде Қазақстанда туған бала да бақытсыз болатынын анықтапты. Бұл туралы әлеуметтік желі подкасттарының бірінде феминистка Әйгерім Құсайынқызы мәлімдеді деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

«Біздің кезімізде де балалардың жағдайы жақсы бола қойды деп айта алмаймын. Алайда қазіргі кезде балаларымыз құқықтық, әлеуметтік, экономикалық жағынан еш қорғалмаған» дейді Әйгерім Құсайынқызы.

Расымен де қазіргі кезде баламызды аулаға жалғыз ойнауға жіберуге қорқатын заман туды. Айнала қаптаған педофилдер, бұл аз десеңіз, балаларымыз өз ата-анасынан зәбір көретіні тағы бар.

Қазақстанда бала құқығын қорғау туралы заң күшейтілсе де, өкінішке қарай кішкентай азаматтарымыз әлі күнге әлімжеттік пен түрлі зорлық-зомбылықтың құрбаны болуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

@keide.oilanam

Кейде ойланамын… #ulysmedia #әйгерімқұсайынқызы

♬ оригинальный звук — Кейде ойланамын