Қазақ қызы шетелдік еркектің етегінен ұстамасын десек…

0
985

Қазақтың қызы қытайға тисе, басқаға тисе жынданамыз? Негізі кінә қазақтың еркектерінде. Біз әйелдермен шетелдіктер секілді қарым қатынас құра алмаймыз. Шетелдіктер қазақтың қыздарына жылы қарағанда өмірінде ондайды көрмеген қазақтың қыздары еріп кетеді.

Бізде үйленбеген еркек міндетті түрде үйленбеген қыз алу керек. Ажырасқан қызды алайын десе отбасылық шабуылға ұшырайды. Үйленіп ажырасқан еркек болса да тұрмысқа шықпаған қызды алғысы келеді. Менде де 1-2 ДТП бар ау. Өзім секілді ажырасқан әйелді алайын дейтіндер аз.

Бәріне қыз керек. Бізде ажырасқан әйел болсаң бітті өзіңді сәл төменгі кастадан іздей бер. Жоғары кастаға шығуға болады. Билік пен ақшаң болса. Ал былай екінші сортқа түсіп қаласың. Шетелдіктерге тиетіндердің біразы ажырасқан әйелдер. Өзіміз керек қылмай қойғанбыз.

Тағы бір проблема бізде әйелдер аралар секілді. Көп жұмыс жасайды. Еркектер сәл жалқаулау. Еден жуып жүрген еркекті көрмейсің. Жұмыссыз болса да жұмыс таңдайды. Еден жуу әйелдердің маңдайына жазылған мамандық секілді.

Ақша таппаған еркек ешкімге қажет емес. Шетелдіктердің жалаңаяқтарына куйеуге тиген қазақ қызын көрмедім. Көбі қалталы еркектерге тиген. Ақша табу да белгілі роль атқарады.

Шыны керек қазақтың еркектері әлсіз болған соң қыздарымыз шетелдіктерге тиіп жатыр. Заман өзгерді. Қазақтың еркектері өзгермей жатыр. Әлі сол патриархалды қоғамда өмір сүргіміз келеді.

Бұрында аңға шығып көп аң алып келетін еркектер мықты болды. Кейін жауға шығып көп жауды өлтіретін еркектер мықты болды. Енді ақша көп табатын еркектер мықты. Ондай еркек көрсе шетелдік па басқасы ма қарап тұрмайтын замандамыз.

Сәбит РЫСБАЕВ,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.