Есектің етін жеп жатқан жоқпыз ба?
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында есектер өліп жатыр, — деп бөлісті жан айқайымен TikTok әлеуметтік желісінің қолданушысы Ұлжан.
Сөзінше, екі жарым мың есек бар, оның арасында өліп жатқандарды да бар. Халықтың айтуы бойынша малдар көкөніс бағына кіріп, тамақтарын таптайды, шөптерін жейді екен. Шағым түсірген халықтың наразылығы арқасында есектерді қоршап қойды.
« … сельхоз управление [ауылшаруашылығы басқармасы], әкімшілік қайда қарап жатыр? … », — деп ашуланды ауыл тұрғыны.
Базардан тамақ, ет алуы жайлы да Ұлжан қорқынышын білдірді.
« … балаларымыз үшін қорқатын болдық … мынау не сұмдық, ешкім тексермейді ме, қадағаламайды ма? … », — деп Ұлжан TikTok желісіне салған видеода жерде өліп жатқан есекті көрсетеді.
« … бұл есектерді не үшін ұстап отыр … бұл деген инфекция ғой … біреу осыны қолға алады ма? … », — дейді Ақтерек ауылының тұрғыны.
Осыған қоса, видео астына:
«Қарапайым халық ұстамайды, бір дөкейдің бизнесі ғой базарға өткізеді ғой басқа не істеу мүмкін.»
«СЭС қаидасындар?»
«Бұл үкіметтің ісі. 2 жарым мың есек деген масқара сұмдық …», — деп қазақстандықтар өз пікірлерін жазуда.
« … Енді ет жемейміз», — дейді видео авторы.
Фото интернеттен алынды.