Көршілер Құрбан айтта 4 күн демалады

0
129

Өзбекстандықтар Құрбан айт мерекесінде 4 күн қатарынан демалады. Қосымша демалыс күндері 17-18 маусымға сәйкес келеді, деп хабарлайды Informburo.kz.

Өзбекстанда Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады. Соған орай, ел тұрғындары 4 күн қатарынан демалады. Бұл туралы «Құрбан айт мерекесін тойлау» туралы ел президентінің қаулысынан белгілі болды. 

Құжатта жазылғандай, Құрбан айттың бірінші күні – 16 маусым жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі – 17 маусымға ауыстырылады. Оған қоса, Өзбекстан президентінің 2024 жылы ресми даталарды мерекелеу кезіндегі қосымша демалыс күндерін белгілеу туралы 2023 жылы желтоқсанда қабылданған жарлығына сәйкес, 17 маусым қосымша демалыс күні болып есептеледі. 

Сәйкесінші, өзбекстандықтар 15-18 маусым аралығында демалады.

Өткен жылы, ел халқы бұл мерекеде 5 күн қатарынан демалған болатын. 

Еске салайық, Қазақстанда Құрбан айт мерекесіне орай, демалыс берілмейді. Өйткені, Қазақстан заңнамасына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күні ауыстырылмайды. 

Фото интернеттен алынды.