Тойды қалай өткізген дұрыс?

0
156

Осы біз қазақ той жасағышпыз, содан келгеннен тойды сынаудан жалықпаймыз. Бәріміз экспертпіз: «анау дұрыс емес», «мынаны қою керек қой», дегенді жиі айтамыз. Маған да тойға қатысты кейбір нәрсе ұнамайды, оны айтқанмен ұсынатын басқа нұсқасын біле бермеймін-ау…

Жиырма адам шығып, бас-басына «ал, енді не дейміз, жастар бақытты болсын!» дееееп, 120 рет қайталап айта берген тойды көріп жүрміз ғой.

Жақында туыстар бір тойдың ойластығында болып, «анау дұрыс емес, мынау дұрыс емес», «ал біз не істейміз?» деп тапсырма алып тарқадық.

Сіз, иә Сіз… Ерекше тойға барып немесе жасадыңыз ба, несімен ерекшеленді? Жазыңызшы, соны дәстүрге айналдырайық! Жақсы іс жалғасын табу керек қой… Қолжетімді, жақсы асаба болса айта отырсаңыздар…

P.S. Бәрі ысырапшылық, бас-басына тілек айту, таптаурын тойбастар, сырттан әншілер шақыру, олар ән айтып жатса құшақтап суретке түсу, анайы әзілдер, түкке жарамайтын сыйлықтар тарату, т.б. ұнамайды дейді-дағы…

Сараш ҚОҢЫРБАЕВА,

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.