Бұл қазақтарға жасалған қастандық емес пе?

0
294

Үш миллион қазақстандық Өзбекстандағы атом электр станциясы салынуға таңдалған жерден небәрі 250 шақырым қашықтықта тұрып жатыр деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

Құрылыс алаңы Қазақстан Республикасының шекарасынан 55 шақырым жерде орналасқан.

Өзбекстан Қазақстан шекарасынан 55 шақырым жердегі Тұзқан көлінің маңындағы учаскеде атом электр станциясы салынуда. Бұл туралы Қазақстанның энергетика министрлігі мәлімдеді.

Таңдалған құрылыс алаңынан 250 шақырым радиуста үш миллионнан астам қазақстандық тұрады. Бұл Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

27 мамырда Ресей мен Өзбекстан Өзбекстанның Джизах облысында ресейлік жоба бойынша алты реакторы бар атом электр станциясын салуды қарастыратын хаттамаға қол қойды. Құрылыстың бас мердігері «Росатом» компаниясы болады, бірақ олар жұмысқа жергілікті компанияларды да тартуға уәде беріп отыр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін құжатқа қол қоюға қатысты пікір білдіріп, Қазақстанның бұл жобадан хабары жоқ екенін айтқан болатын.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.