Көкшетау қаласында жастарға арналған ашық сот отырысы өтті

0
152

Аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтағаны үшін Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты ашық қалалық сотта сот отырысы өтті, деп хабарлайды Democrat.kz, Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

«И» есімді азамат Көкшетау қаласында болған кезінде «Telegram»мессенджері арқылы шартты жерде «бетбелгі» түрінде қалдырған психотроптық заттарды сатып алғаны анықталды.

Сатып алғаннан кейін азамат «И» пәтерді жалға алып, достарын психотроптық заттарды бірлесіп қолдануға шақырғысы келген, бірақ оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Сот азамат «И»-ді кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Жастар арасында есірткі қолданудың алдын алу мақсатында сот отырысына тыңдаушы ретінде студенттер қатысты.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және мұндай қылмыс жасауға төзбеушілік танытуға шақырады.

Фото интернеттен алынды.

Тегтержастарсот