«Мешіт — ойын-сауық орталығы емес қой!»

0
566

Кез келген адам үшін белгілі бір діни ұйымның ордасы, мешіті, шіркеуі сол діннің мәдени көрсеткіші болып табылатыны анық. Соңғы уақытта мешіттердегі мәдениетсіздік, тәртіпсіздік оқиғалары туралы шағым айтушылар саны артуда деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Таяуда әлеуметтік желіде жұма намазында болатын жол кептелісіне қатысты азаматтар шағым жасап, осыны реттеуді сұрап өтініш жасаған-ды. Алайда ресми Мүфтият тарапынан әзірге бұл өтінішке нақты жауап берілмеді.

Еліміздің қай қаласы болсын, жұма күні мешіттің айналасы көлікке толып, басқа көліктердің жүруіне үлкен кедергісін келтіреді. Өзгелердің наным-сеніміне кез келген азамат құрмет көрсетері сөзсіз. Алайда мешітке келушілер де басқаларға құрметін жоғалтпағаны дұрыс қой?

Келесі бір мәселе мешіт ішіндегі жағдайға байланысты. Бақыт СЫРҒАБЕКОВ, Facebook әлеуметтік желісінде видео, фото жариялап, Мүфтиятқа үндеу жариялады.  “Қазақстан Республикасы Мұсылмандары Діни басқармасы және Республикалық Бас мешіт Бас имамының назарына!

Мешіттің орталық залында осылай бей-берекетсіз аяқ астында жатқандарды реттеуге болатын шығар ниет болса, қанша дегенмен шет мемлекеттерден келген туристерді санамағанда, өзін-өзі сыйлайтын еліміздің азаматтарына да тұрпайы көрінеді екен.

Мешіт балаларды қыдыртатын ойын-сауық орталығы емес қой” деп жазған ол мұны мешіттің абыройын төмендету мақсатында жазбағанын да ескертті.

Фото ашық дереккөзден алынды.