«Бұл тәжірибе маған Қытай қоғамының бірегейлігін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді» дейді Тоқаев

0
161

Президент Тоқаев Қытайдың Синьхуа басылымына сұхбат берді. Сұхбатында Мемлекет басшысы Қытайдағы білім беру жүйесі туралы айтты деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы Sputnık.kz-ке сілтеме жасап.  

Тоқаев кейде Қытай көшбасшысына ерекше маңызды ойларды мүмкіндігінше дәл жеткізу немесе күнделікті өмірдегі қызықты тақырыптарды талқылау үшін қытай тілінде сөйлейтінін де растады.

Қазақстан президенті Қытайдағы білім саласындағы ұстанымдар қызықтыратынын айтты.

«Білім берудегі прагматикалық, нәтижеге бағытталған көзқарас және үлкенге құрмет, еңбекқорлық сияқты дәстүрлі құндылықтар мені ерекше қызықтырады. Мұның бәрі қазіргі Қытайда қалыптасқан әлеуметтік атмосфераға да әсер етеді. Бұл тәжірибе маған Қытай қоғамының бірегейлігін тереңірек түсінуге және мәдениетаралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді. Қытай менталитеті мен өркениетін түсіну де қазіргі геосаяси жағдайда қазақ-қытай қарым-қатынасының маңызын түсінуде белгілі бір артықшылық береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол Си Цзиньпинді көрнекті көшбасшы және дана саясаткер деп атап, оған Қытай халқының үлкен қолдауы бар екенін айтты. Си Цзиньпиннің көреген саясатының арқасында еліміздің орасан зор өсімге қол жеткізіп, халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай нығаятынына сенім білдірді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.