«Балаң үшін мал жинама» дейді Нұрсұлтан қожа

0
461

«Хит қожа» Нұрсұлтан Рысмағамбеттің әлеуметтік желіде мирасқа қатысты айтқан уағызы тарады деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы.

«Сіз кеткеннен кейін балаңыз сіз жинаған байлықты жақсылыққа жұмсаса — жақсы. Ал егер жамандыққа жұмсаса — о дүниеде азабын тартып жатасыз. Малды балаңызға тастап кеткеніңіз үшін азабын тартасыз. Дұрыс тәрбие бермегеніңіз үшін. «Бала-шағама» деп өліп-тіріліп жинап жатырсыз ғой қазір. Құрбандық шалмай қазір. Ал ертең не болады?» деген Нұрсұлтан қожаның пайымынша, балаға ризықты құдайдың өзі береді екен. «Дайын асқа келген бала ол малдың қадірін біле ме, білмей ме? Көп жағдайда біле бермейді» дейді «хит қожа».

Түсінгеніміз, бала үшін деп дүние жинаудың керегі жоқ. Өле қалсақ, баламыз ол дүниені жамандыққа жұмсап, азабын о дүниеде біз тартамыз. Қорыта айтқанда, мал-мүлік жинама, ал егер бар бола қалса құрбандыққа шал дейді.

Осы уағызға байланысты жазылған пікірлер ішінде «Неге осы кісілер алға тартатын нәрсе айтпайды. Өлсең өйтеді бүитеді неге білім алыңдар, дамыңдар демейді. Бәрі біледі, өлгесін әркім өз іс әрекетіне жауап береді. Алла алдында есебімізді береміз», «баламызға бермегенде сендерге беру керек пе?» деушілер мен «өте дұрыс айтады, дүние жинап керек емес», «осы ұстазды министр ету керек», «дүниеге қызықпау керек», «баламыз иманды болып, Фирдаус бағынан орын алсын» дейтіндер бар.

Уағызды тыңдап отырып бір ғана сауал көкейімізде қалды. Киер киімге, ішер асқа, қонар үйге жарымаған ата-ананың ашқұрсақ баласын керек етер қоғам бар ма? Әлде Алланың берер ризығын күткен жөн бе?

Фото интернеттен алынды.

@aila.alan

Сіз кеткеннен кейін.. #рекомендации #нұрсұлтанұстаз #нұрсұлтанрысмағанбетұлы

♬ оригинальный звук — Дәрістер жинақтары