Туканы қуалаған жүздеген адам кім?

0
848

Әлеуметтік желідегі подкасттардың бірінде әртіс, әзілкеш Нұржан Төлендиев бір кезде өздерін жүздеген адам қуғанын айтып берді деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

«Ақ тырна» көрінісі шынайы оқиғаға құрылғанын айтқан Нұржан Төлендиев: «Бір күні Түркістанда Ясауи кесенесі маңында топырлап жүрген ақ киімді кісілерді көрдім. Жандарына жақындап білгенім, арасында бір лидері бар екен. Сол Алламен «байланысқа түседі» екен» деген әртіс осы бір көрініс сахнаға мазақ ретінде шығарылғанын айтады.

«Кейін Арыстанбаб жаққа бардық. Жанымда Уәлибек Әбдірайымов, Нұржан бар еді. Көліктен түсіп, қымыран алайын деп жатқанбыз. Кенет қарасақ, 200-300 әлгі «ақ тырналар» келе жатыр. Ішінде біреуі бізді танып қалып: «Әне, осылар ғой, атаңа нәлеттер!» деп айғай салды. Қалғандары да дүрлігіп, бізге қарай жүгірді. Көліктің есігін жаптық та қаштық»,- дейді Нұржан Төлендиев.

Фото интернеттен алынды.

@aibek.toregeldiev11

#рекомендации #fypage

♬ оригинальный звук — aibek.toregeldiev11