Қыспаққа түскен Қытай қай жолды таңдайды?

0
294

Астанада саммит өтіп жатыр. Бұл саммит түрлі ел басшысын түрлі мақсатта басын қосып отырғаны мәлім. Осы тұрғыдан алып қарсақ, Қытайды ендігі мақсат-жоспары қандай?Бұл сұраққа Мәжіліс депутаты Самат НҰРТАЗА қысқа, әрі нұсқа жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы.  

Сөздің қысқасы былай ғой. Қарапайым тілмен айтсақ деген Самат НҰРТАЗА: “Қытай Тынық Мұхитта жалғыз қалды. АҚШ, Корея, Жапон, Филиппин, Австралиясы бар — бәрі Қытайға жылы қабақ танытпайды. Күшейген Қытайды көргісі келмейді. Соның нәтижесінде Қытайдың кемелерінің логистикасын қиындатып жатыр.

Енді тауар тасымалдауын тоқтатпау үшін, Қытай көңілін темір жол логистикасына бұрып жатыр. Экономикалық тұрғыда, темір жол — қымбат, кеме жолы — арзан. Бірақ осындай қыспаққа түскен Қытай, темір жолды таңдайтын сияқты. Демек Қытайдың зейіні Батыс шекараға түсті. Ал Батыс шекарасы деген ол біз. Қазақстан осындай жағдайды пайдалануға, тарих алдында, міндетті.

Тағы бір фактор, Қытай басшысы Си Цзиньпин мырзаның: “Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігіне кепіл береміз” деген сөзі де: “Қызым саған айтамын — Келінім сен тыңда” дегендей, кімге меңзелгені түсінікті ғой.

Қытай Қазақстан арқылы тауар тасымалдаса, ол Қазақтың жерінде тұрақтылық болуына тіккелей мүдделі. Миллиардтаған инвестиция құйған ресми Бейжің, қақтығыс түгілі, Қазақстанда мылтықтың атылғанына қарсы шығады. Бізге де керегі сол. Тыныштық пен тұрақтылықтың арқасында, етек-жеңімізді жиып алып, болашақ Қазақ Елінің жағдайын жақсарту — басты парыз” деп жазды.

Фото интернеттен алынды.