Саммитте Астана декларациясы қабылданды

0
161

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің Астана декларациясы қабылданды. Құжатқа ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қол қойды деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандарды қарсы алып, қол алысты. Ел басшыларын қарсы алу рәсімі аяқталды.

Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде мүше мемлекеттердің басшылары Беларусь Республикасын Ұйым мүшелегіне қабылдауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық қатынас жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Фото интернеттен алынды.