Курьерлерді күйдірген жұртқа дауа бар ма?

0
333

Күнделікті өмірімізге енген “доставка” шаруасын қолданбаған кісі жоқ шығар. Пандемия кезінде бүкіл затымызды солай тапсырыспен алуға жақсы үйрендік. Алайда есігіңізге дейін тапсырыс берген затыңызды жеткізіп беретін “доставщиктердің” проблемасы туралы білесіз бе?

Facebook әлеуметтік желісінде қоғамда атқарған белсенді әрекетімен, ел ертеңі үшін күрескен жас жігіт Батыр ӘМІР қазіргі кезде зат жеткізіп беруші жұмысын істеп жүр. Парақшасында “доставщиктер” көрген құқай туралы жазба қалдырған ол біз білмейтін, тіпті мән бермейтін жағдайлар туралы айтыпты.

“Жалпы біздің қоғам әлеуметтік әділетті ел болу үшін ниеті мен өзін реттемесе бірін -бірінің етін жеп, осылай жалғаса береді.«Вы не доставили заказ» — дегені  үлкен, өте үлкен монитор еді.

Менің сөмкеме сыймайтын үлкен зат. Мен 1 сағаттан аса уақыт күттім. Ары қарай “вы нарушаете стандарты” деген  клиент квартира ешнәрсе жазбайды, барғанда телефон алмайды, 40 минут күтесің, одан кейін “отмена” жасағанмын.

2 күн алдын болды “нарушение”. Бір заказды алып апаратын жерге бардым, “метканы” дұрыс қоймаған, арасы 1,5 км. Бірақ сонда да апарып бердім. “Вручение” ол “метка” тұрған жерден ғана жасайды яндекстің жүйесінде. Содан барсам маған бұлданып тұр. “Рақмет” айтатын шығар десем, “жалобы” жазамын деп тұр.

Қалада курьерларда 97-98% аккаунттары осындай істерден тұтас блокқа кетіп қалған. Бізге орыстар “заказ”  берсе, біз тынығамыз. Кез — келген курьер орыстарға риза. Олар “заказ” берсе, адамның уақтысы немесе ақысын жеу дегенді білмейді. Жаңағыдай “меткасы” дұрыс болмаса, кешірім сұрап “доплата” төлеп жібереді.

Жалпы адам болуымызға бізге әлі біраз уақыт керек ау осы. Ол “жалобы” жазады, ал курьер арендаға мопед алады. Үйінде балалары әкем тамақ алып келеді деп күтеді, балаларының бақшасының ақшасы, пәтер  ақысына осыншама күн жасап төлеймін деп есептеп қояды.

Ал бір “мал” алады да өзінің “приложение” қолдана алмаған топастығы үшін “жалобы” басып, аккаунтын блоктатқызып тастайды.

Ал Яндекс тек клиенттерді тыңдайды. Жақында біз одақ ашамыз. Сол кезде аяқтарын аспанға шығарып, соттан сотқа сүйреп итін шығарамыз әлі. Бұл қоғам жалпы Назарбаевқа әбден лайықты қоғам екеніне көзім жетті” деп жазады Батыр.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.