«Намазды бұзуға мәжбүр болдым» дейді имам

0
378

Шымкенттегі бір мешітте намазда «Әмин» деп дауыстаған кісіні екінші біреуі ұрған оқиға болған еді. Осыған байланысты сол күні мешітте намазда тұрған имам Берік Шотабеков өз ойын айтты деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Естеріңізге салып өтейік, мешіттегі сол төбелеске қатысты көп адам имамға кінә артып, неге ол бас-көз болмады, неге жол берді деген сыңайда бүгінге дейін пікір айтуда. Ал имам не дейді?

«Қазақстанда кез келген мешітте имам намаз басталмай тұрып, жамағатқа ескерту жасайды. «Құрметті, жамағат, Қазақстан діни басқармасының пәтуасы бар, «Фатиха» сүресінен кейін «әминді» іштен айту керек» деп. Біз солай ескертіп намазды бастаймыз. Ал ол күні «әмин» сөзін хормен дауыстап айтқан кісілер намазымды бұзуға мәжбүр етті. Олардың  қатты дауыстап «әмин» дегенінен мен сүре де, ештеңе де оқи алмай қалдым. Екі жаққа «ассаламу-ъалейкүм уә раһмтуллаһи уә барәкәтуһ» деп сәлем беріп тоқтатқаным сол еді, арқамдағы кісілер эмоцияға беріліп, төбелес шығарды»,- дейді Шымкенттегі Әбдусаттар Сманов атындағы мешіттің имамы.

Фото видеодан скринделіп  алынды.  

@daguatkz

Ответ пользователю @Abu Hadidja

♬ оригинальный звук — NURLY DAGUAT