Астана-Алматы пойызы рельстен шығып кетті
№4 Астана — Алматы-2 жолаушылар пойызы Шиелі стансасында рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Tengri Travel редакциясына оқырмандардың бірі хабарлап, видео да жолдаған.
Оның айтуынша, 9 шілде күні Астана уақытымен сағат 11:30 шамасында Астана (Нұрлы-Жол) — Алматы-2 бағытымен келе жатқан №4 жолаушылар пойызы оқыс оқиғаға тап болған. Оқырманның сөзінше, пойыз Отар станциясынан 20 шақырым жерде орналасқан Шиелі стансасының қиылысында рельстен шығып кеткен.
«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Біз күтпейік деп шешіп, бағыттас көлікпен кетіп қалдық. Пойызға және онда қалған жолаушылардың қазіргі жағдайы бізге белгісіз», — деп жазды оқырман.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.