Қайрат Нұртас құрметті азамат емес!

0
1583

Бұл той әншісіне 2019 жылы “ғайыптан” Шымкенттің құрметті азаматы деген атақ берілді. Кімнің ықпалымен берілгені белгілі ғой. Оны ұсынған адамның көңілін қимай сол кездегі мәслихат депутаттары қолдап бекітіп берді.

Негізі бұл атаққа ұсынылатын үміткерлерді белгілі бір критериялар арқылы іріктеледі. Әрі өз талаптары бар. Бұл әншіні қандай “ерен еңбегі” үшін берілгені маған жұмбақ.

Әншілігі үшін дейін десең ешқандай халықаралық жүлде алмаған “фонограмщик”. Қайырымдылық жасаумен аты шықпаған. Нақты қаламыз бен халқымызға тигізген ешқандай пайдасы жоқ.

Қаламызды дамытуға қосқан үлесі болса бір сәрі тым құрығанда. Ондай пайдасы тиді деп те айта алмаймаймын.

Сонда бұл тойдың әншісіне бай-шонжарлардың тойында ән салғаны үшін берілді ме?!

Тойға шықса ақшаға шықты. Әлде, қала мен мектептерде тегін концерттер берді ме?!

Не үшін берілді бұған сонда?!

Әлде, жастарға үлгі деп берді ме?

Үлгі деп берген болса ол үлгі болып жүр ме қазір?

Олай болса үлгі емес қазір деп бұл атағын кері қайтару керек. Оған қазіргі мәслихаттың толық құзіреті бар. Кезінде кеткен қателікті түзететін уақыт келді.

Бұлардікі рахат екен. Бұзақылық жасап ана жаққа “кіріп-шығеп”, онысынан ұялмастан ыржалақ-ыржалақ етіп әзілін айтып әнін шырқап жүре беретін.

Негізі бұл атақтың құны өте жоғары. Оған өз саласының ең лайықтысы, қалаға әбден еңбегі сіңген деп қоғамда мойындалған азаматтарға ғана бұйырады. Ал мынандайларға беру арқылы біз бұл абыройлы атақтың құнын қолдан түсіріп жатырмыз.

Ал бұл атақтың абыройын асқақтатуымыз үшін осындайлардан қайтадан кері қайтаруымыз керек. Бұл атақтың абыройын осылай ғана көтереміз.

Әрі келесі жолы үміткерлерді іріктерде ойланатын боламыз. Бұл сабақ болады.

Бұл барлық облыс, қала, аудандарға тиесілі ортақ мәселе. Түбіндегі ойы ортақ. Қайрат жай ғана тілге тиек, мысал ғана!

Рүстем АШЕТАЕВ,

Шымкент қалалық кеңес мүшесі.

Facebook жазбасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.