Украинаны қолдап 24 ел қол қойды
24 мемлекет Украина бойынша келісімге (Ukraine Compact) қол қойды.
Еурокомиссия келісімнің мәні Киевтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұжымдық күш-жігерді үйлестіру және жеделдету деп түсіндіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW интернет басылымына сілтеме жасап.
Құжат 2023 жылы Вильнюстегі НАТО саммитінде қабылданған Украинаны қолдау туралы бірлескен декларацияны, сондай-ақ әр елдің Украинамен жасаған қауіпсіздік туралы келісімі мен уағдаластығын негізге алады.
«Осы келісімшарт арқылы біз Украинаның бостандығын, тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сәтті қорғап, болашақта агрессия әрекеттерін тоқтата алуын қамтамасыз ететініміз туралы ниетіміз бен міндеттемелерімізді жариялаймыз», — делінген құжатта.
Мемлекеттер арасында Германия, Франция, Испания, бірқатар ЕО елдері, Жапония, Канада, АҚШ бар.
Фото интернеттен алынды.