Қытайдан «өшін алған» қазақ жігіті

0
294

Қазақстандық актер, модель Алмаз Мержакыпов «қытайлардан өшімді алдым» дейді. Бұл туралы ол Dope-Soz арнасына берген сұхбатында айтты деп жазады Democrat.kz.

«Шанхайда жүргенімде такси шақырсам, қытайша тоқтамай сөйлейтін операторлар бар. Ағылшын тілінде «қытайша білмеймін» дегеніме қарамай, миымды ашытты. Бір күні таксистің жанына отырып алып, қазақша сөйлеп жүргізушіні әбден шаршаттым. «Тимбудон» деп басын шайқаған таксиске «мәшинең қай жылғы братан?», «бала-шағаң бар ма, брат» деп ойыма келген қазақшамды айтып, баратын жеріме дейін қытаймен «сөйлесіп» бардым»,- деген актер «қытайша сөйлей алмайтынымды біліп тұрып, өздері де қытайша сөйлеп қоймайды ғой, мен де оларға өз тілімде сөйлеп миын ашытып, өшімді алдым»,- деп күледі.

Фото интернеттен алынды. 

@dopesoz

Толық шығарылым Dope soz Youtube арнасында #dopesoz #mvsstoi #алмазмержакыпов #қытай #китайцы

♬ original sound — YAD Oud | يد عود ♪