Қоғамдық кеңес Тоқаевқа үндеу жолдады

0
175

Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесі қаңтар оқиғасынан кейін тергеуге іліккен Талдықорған қалалық ІІБ (ПБ) бұрынғы басшысы Асқар Нұрсапаға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“2022 жылдан бері Бас прокуратура мен Алматы облысының прокуратурасы Талдықорған қалалық әкімшілігінің ғимаратын қараусыз қалдыру және қызметтік қаруды ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қаңтар оқиғасы кезінде қалалық ішкі істер бөлімін Асқар Нұрсапа басқарды.

Ол қызметтік борышын өтеу барысында қаланың орталық алаңында соңына дейін төбе көрсетті. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан ауыр дене жарақатын алған, бірақ ауруханаға жатқызылмаған”, — делінген үндеуде.

КазТаг мәліметінше, кеңес мүшелері Нұрсапаның тәртіп сақшыларын алаңнан және қалалық ІІБ ғимаратынан эвакуациялау туралы пәрмен бермегенін, керісінше, ІІБ кезекшісіне қорғанысты ұстап тұру туралы бұйрық бергеніне және алаңға кетіп бара жатып, Талдықорған ІІБ ғимараты бойынша Қарулы қызметкерлерді орналастырғанына назар аударған.

Сонымен қатар қоғам белсенділері Нұрсапаның алған жарақатына қарамастан тәулік бойы қызметін жалғастырып, полиция бөлімі ғимаратынан қалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді шығаруды ұйымдастырғанын қосты. Артынша тәртіп сақшысы дене жарақаты үшін мемлекеттен өтемақы алған.

«Бұрынғы Ішкі істер министрі Е. З. Тұрғымбаев 2022 жылы 31 қаңтарда А.С. Нұрсапаны қызметінен заңсыз түрде босатады. Бір жыл тергеу жүрді. Нәтижесінде оның атына тағылған барлық айып алынып тасталды. 2023 жылдың ақпан айында Алматы облысының ІІД-де жұмысқа қайта қабылданды.

Алайда 2024 жылы 28 ақпанда ҚР Бас прокуратурасы А.С. Нұрсапаға қарсы істі тоқтату туралы бұрын қабылданған шешім күшін жоятынын және БАҚ арқылы істің қайта басталғаны туралы хабарлайды», — делінген хабарламада.

Қоғам белсенділері атап өткендей, Нұрсапа Талдықорған ЖПБ-ін басқарған үш жыл ішінде бірқатар салмақты іс атқарған.

Оның тұсында ауыр және аса ауыр қылмыстар ашылғаг, қала берді өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде бірде-бір сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берілмеген.

Ал Алматы полиция департаментінде жұмыс істеген соңғы бір жыл ішінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты бірқатар атышулы қылмыстық істердің бетін ашқан.

“Біз Нұрсапаны сауатты әрі әдепті полицей ретінде білеміз. Туған жеріміз Талдықорғанда туып-өскен, оқыған, үйленген, екі баланың әкесі. Осы уақытқа дейін Қазақстан халқына адал қызмет етті.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біз, Талдықорған қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері, туындаған жағдайға байланысты сізге хабарласуға мәжбүрміз, сонымен қатар Нұрсапаны қудалауды тоқтатуға ықпал етуіңізді сұраймыз”, — делінген үндеуде.

Бұл құжатқа қоғамдық кеңес төрағасын қосқанда 19 адам қол қойды.

Сонымен қатар олар Нұрсапаның ісі ел басшылығының назарынан тыс қалып отырғанына шағымданады.

Сондай-ақ КазТаг редакцияның қарауында қоғамдық кеңес мүшелері Нұрсапаның төңірегіндегі жағдайды талқылап, оның орнына қаңтар оқиғасы кезінде қашып кеткен жоғары лауазымды шенеуніктердің неге қолды болмай жатқанын алға тартты.

ҚазТАГ редакциясы құзырлы мемлекеттік органдарды аталған басылымды сипатталған жағдайға қатысты түсініктеме сұрауы ретінде қарастыруға шақырады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.