Атақты әнші пәтер жағалап жүр

0
2004

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа өнердегі ағасы Нұрғали Нүсіпжановпен кездесіп, оның қазіргі жағдайын айтты. Эстрада дүлділі алаяққа алданып, бүгінде пәтерде жүр екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановпен кездескен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Әншінің айтуынша, Нүсіпжанов жер үй сатып алуға жинаған ақшасын алаяққа беріп қойып, бүгінде өзі пәтерде жүр екен.

«Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері «ағаға барып қайтайық» деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87 ге келіпті.

Ағадан бата алып, ырымдап жатыр. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен», — деп жазды Роза Әлқожа.

Фото интернеттен алынды.