Жарқын ұстаз жұртты айтақтап отыр ма? (ВИДЕО)
Мына Жарқын Мырзатай деген уағызшы, бір біріне қайшы он ауыз сөз айтты. Ең ауыры, қоғамда алауыздық туғызып—ислам дінін ұстанатындарды ұстанбайтындарға қарсы айтақтап отыр.
Бұл мұндай заңға қайшы әрекетін бірнеше рет қайталаған, видеолары бар.
Әдетте «құдай асықпайды..» дейтін бұлар дінге сенбейтіндерді діншілдер қолымен жазалауға неге асығады?
Құдайдың жоғын білген—шарасыздық белгісі емес пе бұл?!
Иә, құранда мужеложство мен айналысқан —
Лұт пайғамбардың өзі түзете алмаған қауымның жойылғаны туралы аяттар бар.
Аллаһтың «Анкабут», «Шұғара», «Нәмл»,
«Хұд»,
«Хижр» сүрелерінде еркек ойнасын норма санаған Лұт қауымы туралы көп «айтуы» сол— джахилии заманындағы араптардың өз тірліктеріне қатысты емес пе?
(Өйткені, садум елі мекені бүгінгі күнге дейін анықталмаған)
Болмаса, неге ислам елдерінде бүгінгі күнге дейін бар еркектер ойнасы— бача—бази жойылмай тұр?
Табиғи апаттың бәрін атеистер мен тәңір ұстанымдағы адамдарға жабу арқылы, дінге қатысты «нейтрал» көзқарастағы адамдарға оларды апатқа себепші— жексұрын қылып көрсету заңды ма?
Өз басым Аллаһ образын, мұсылмандар пайғамбарын келемеждеген емеспін—қарсымын!
Дінге сенбейтіндерді кәпір деу—ислам мемлекеттерінде айтылса жарайды.
Ал, зайырлы мемлекет деп танылған Қазақ Елінде кәпір сөзіне заң мен тыйым салынуы керек!
Ащы тіл осындайдан кейін шығады.
Ислам діні тарихында болған, болып жатқан және де бола да беретін небір сұмдық өтіріктерді білеміз ғой әйтпесе..
Төртуыл ШОҚАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.