«Димаш Құдайбергеннен кешірім сұраймын» депті әртіс

0
977

Актер, шоумен Нұртас Адамбай өзінің әлеуметтік желі парақшаларында бірқатар тұлға мен БАҚ-тан кешірім сұраған, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Димаш Құдайберген мен оның әкесінен кешірім сұраймын. Бір кездері өзімнің ақымақтығымнан оларға сұрамаған ақыл айттым. Маған қатысты шыдамдылығы мен даналығы үшін алғыс айтамын.  Геннадиий Головкиннен кезінде әлеуметтік желі арқылы кеңес бергенім үшін кешірім сұраймын», — дейді Нұртас Адамбай.

Сондай-ақ әзілкеш бірқатар БАҚ-тың атын жазып кешірім сұраған.

«Өз ақымақтығымнан сіздерге ашуланып, сөккенім үшін кешірім сұраймын. Сіздердің еліміздегі сөз бостандығына қосып жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын», — деп жазды ол.