«Сенбеңіздерші! Бір тиын алған емеспін»дейді Төрештің қарындасы

0
199

Блогер, Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлінің атын жамылып алаяқтық жасап жүргендердің бар екені анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәл қазір Кореяда отбасымен қыдырып, саяхаттап жүрген Фариза Төреәліге «Сіздің атыңыздан хабарлама келіп жатыр» деп мазалайтын оқырмандар көбейіп кетіпті.

«Сенбеңіздерші! Мен ешқашан жеңімпаздардан бір тиын алған емеспін! Ойын ойнатпаймын, ақша табуды үйретпеймін. Барлық инфо тек менің парақшамда. Қолым тимей жүр, қолға аламыз алаяқтарды», — деп мәлімдеме жасады блогер әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, жақында Төреғали Төреәлінің қарындасы халықтан бір тәулікте 46 миллион теңге жинап, рекорд орнатқан еді.