Бишімбаевқа нағыз түрмеге енді түседі

0
425

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев әлі колонияға түскен жоқ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сотталған Бишімбаев әлі колонияға кеткен жоқ. Бүгін-ертең осы мәселе шешіліп, ол түрмеге түседі. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияға аттанады», — деді Жәнібеков.

Сондай-ақ Жәнібеков журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қуандық Бишімбаев абақтыда қандай жұмыс істей алатынын айтып берді.

«Сотталғандарды жұмысқа орналастыратынымыз рас. Бізде әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК жұмысқа тұрып, ағаш және темір өңдей алады. Бәрі бос жұмыс орнына байланысты. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа барады», — деді Жәнібеков.

Фото интернеттен алынды.