«Гитлер — красавчик» деген қыз қамауға алынды
Әлеуметтік желіде ұлтаралық қақтығысты қоздырды деген айыппен алматылық Марал Жәлелова қамауға алынды деп хабарлайды Democrat.kz. Ақапарттық порталы.
Марал Жәлелова әлеуметтік желіде орыс ұлты мен Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтарды мазақ етіп, тіл тигізген.
Ол сондай-ақ “Гитлер — красавчик!” деп басқаларды ұлтына қарай кемсітіп сөйлеген.
Алматы қалалық полиция департаменті Марал Жәлелова қамауға алынып, тергеуге алынды деп хабарлады.