Әбдуғаппар Сманның бейітінде жылады (ВИДЕО)

0
351

ТикТок әлеуметтік желісіне видеосын жүктеген Gani Vuseraliuly көпшіліктің көңілін босатты деп жазады Democrat.kz.

«Әбдуғаппар ұстаздың өмірден өткеніне 4 жыл болыпты. Ұстаз тірі кезінде қаншама адамның намазға келуіне себепші болды. Анамның аяғын жылы суға салып жууыма да сол кісінің уағызы себепші болды» деген блогер сөзін аяқтай алмай жылап жіберді.

«Қолын ұстап амандасқымыз келеді. Фотоға түскіміз келеді. Жалпы, ол кісінің жанында жүру — бір бақыт еді» деп иегі кемсеңдеген Ғани келесі сюжетін Мановтың атынан ашылып жатқан медресемен жалғастырады.

Қорыта келгенде, сол медресенің әжетхана жұмысы қаржы жетіспеуінен бітпей тұр екен. Соған қаржылай көмек сұраған блогер көрерменіне игі тілектерін жаудырды.

Фото видеодан скринделіп алынды. 

@kgm_videos_official

♬ оригинальный звук — Gani Museraliuly