Дональд Трамптың президент болуы қазаққа не береді?

0
285

Қазақ бағына жаралған Дональд. Біз үшін ең жайлы президенттен не күтеміз?

Қазақстан демократ Камала Харриске қарағанда, республикандар серкесі Дональд Трамптан көп үміт күтетінін байқаймыз. Себебі Дональд Фредұлы алғашқы президенттігі кезінде қазақ халқына береке алып келген болатын.

2017 жылы Трамп президент креслосына отырғанда АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1,7 миллиард доллар шамасында болған.

Трамп оны 2019 жылға қарай 40 пайызға арттырып, 2,24 миллиард долларға дейін жеткізді. Ал елімізге келген АҚШ инвестициясын екі есеге арттырып, 5,5 миллиард доллар қылдырған.

Трамптың қазақ халқына жасаған ең басты жақсылығы — Қазақстан әуе компанияларына АҚШ-қа тікелей ұшуға рұқсат беруінде.

Осы келісімге қол қойыла салсымен, Air Astana Боинг корпорациясына үш бірдей 787-9 Dreamliner ұшағына тапсырыс берді. 2025 жылдан бастап Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейспен ұшатын боламыз.

Дональд Фредұлының Қасым-Жомарт Тоқаевқа да көзқарасы өте жақсы. Вашингтонда 2020 жылы өткен құшақжаяр кездесуден кейін, президенттер арасында өзара сенім көпірі орнаған болатын.

Трамптың Капитолий төріне қайта оралуы мүмкін бе, оны күздегі сайлау шешеді. Бірақ дәстүр бойынша демократтар мен республикандар президенттері бірінен соң бірі алмасып отыратынын ескерсек, биыл Трамптың мүмкіндігі Камала Харриске қарағанда анағұрлым жоғары сияқты.

Айбар ОЛЖАЕВ, сарапшы, экономист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін алынды.