Марат Әйтенов 100 мың теңге айлыққа жұмыс істейтінін айтты

0
357

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов «Barys Media«-ға берген сұхбатында алимент жайлы сөз қозғады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марат Әйтенов сот шешімі бойынша ол жалақысының 50%-ын Дана Әтешоваға беру керегін айтты.

«Біз 2020 жылы желтоқсан айында ажырастық. Сот шешімі 2021 жылы 5 қаңтарда өз күшіне енді. Желтоқсан айына дейін 11 ай бойы балаларымның шығынын, жүріс-тұрысын, оқитын мекемелерін, балабақшаларын, киімдерін толық 100% өзім қамтамасыз еттім. Қараша айында Дана Әтешова алимент алуға жүгінді. Алимент бойынша жалақының 50%-ын ол алу керек. Сот менің үлкен балаларымның да бар екеніне қарамаған, олардың үлесін белгілемей, «табыстың 50%-ын Дана Әтешоваға беру керек» деген шешім шығарды.

Мен Данаға бәрін есептеп, ода шығын менің жалақымның жартысынан да көп екенін айттым. «Мен бұрынғыдай алименттен көп төлей берейін бе әлде сен сол заңның аясында 50%-ды алып, соған күн көресің бе, таңда» дедім. Бірақ қалған қаражатты қайдан алатынын білмеймін. «Жұмыс істеуге әрекет жасайтын шығарсың» дедім», — дейді ол.

Сондай-ақ ол интернетте тараған жалған ақпараттардың себебінен жұмыстан өз еркімен кеткенін атап өтті.

«Ол жұмыс істеп жатырған адамға лай жаға бастады. Бұл менің жұмысыма кедергі келтірді. Қызметте қызметкерлердің көзіне қарай алмай қалдым. «9 жыл бойы зорлық-зомбылық көрсетті, шетелде ұшақтары, зауыттары бар» деп неше түрлі жалған ақпарат таратты. Менің беделіме нұқсан келтірді. Жұмысқа келіп те, біраз жанжал шығарды. Сөйтіп, өз еркіммен жұмыстан кеттім. Енді ол айлық жоқ. Басқа жұмыстар іздей бастадым. Көп жер «интернетте сен жайлы осындай мәліметтер тарап жатыр, ала алмаймыз» деді», — дейді Марат Әйтенов.

Марат Әйтенов қазір ауылда жұмыс істейтінін және 100 мың теңге алатынын айтты.

«Маған ауылдан жұмыс табылды. Ол жоба қазір жүріп жатыр. Ол жаққа бар білімімді, тәжірибемді, көргенімді жеткізіп жатырмын. Ол жерде 100 мың теңге айлығым бар, соның 50 мың теңгесі Дананың үлесіне кетіп жатыр. Бірақ оған қарамастан, балаларыма келіп, мектепке дайындалуға көмектесіп отырамын», — деді ол.

Фото интернеттен алынды.