Таразының басында 4,6 млрд теңге мен екі айлық сәби тұр ма?
Талдықорған қаласындағы бухгалтерлердің бюджеттен 4.6 млрд теңге жымқыруына байланысты сотты болып жатқан Шарипова Дананың 2 айлық сәбиі бар. Бұл туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова арнайы видео түсіріп хабарлады деп жазады Democrat.kz.
«Мынау — Шарипова Дананың екі айлық сәбиі. Емізулі сәби анасыз қалды. Сот неге осы сәбиге жаны ашымады?» деген журналистің видеосына қатысты пікір білдіргендер «ақшаны жымқырмай тұрып баласын ойлауы керек еді», «неге оның баласын сот ойлауы керек?», «баланы қалқан қылма», «түсімізге кірмейтін ақша ғой!» десіп жатыр.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
@sandugashduysenov Дело о хищении 4,6 млрд тенге! Талдыкорган Взяли под арест маму 2 месячного малыша в Талдыкорганетокаев