Жас жігіт Назарбаевтың «үстіне секірді»
Әлеуметтік желіде жас жігіт Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін аяққа таптап, экс-президентті мазақ еткен видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Видеоның нақты қай қалада түсірілгені белгісіз. Кадрдан жас жігіттің жердегі портрет үстіне секіргені, сондай-ақ оны қолымен ұрғаны анық көрінеді. Сондай-ақ балағат сөздерді де естуге болады.
Айта кетсек, Н.Назарбаевты көпшілік алдында қорлағаны үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершілік 2023 жылы алынып тасталған.
Дегенмен экс-президент бұл жігітті сотқа бере алады.
Әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды. Кейбір азаматтар жас жігіттің әрекетін қолдаса, енді біразі кім болса да құрметпеу қарау керектігін ескертті.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.