«Біз үшін бас мүфти өлді» дейді имам

0
1125

Қазақстанда бас имам ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін қамауға алынып. қоғам кешелі бері шулап жатыр. Мүфтият кешірім сұрап, ал имам-молдалар мүфтиятқа түрлі пікірді қарша боратуда.

Түркияның да бас мүфтиі мүфтиятымен қосып үлкен сынның астында қалды. «Иса пайғамбарды  өлтірмеді, ол өз ажалымен өлді» деген Түркия Дін басқармасының басшысының бір ауыз сөзі түрік имамдарының шамына тигені сонша, олар бас мүфтилеріне қарсы түрлі видео-үндеу жолдауда.

«Бас мүфти Али Ербаштың «Иса өлді» деді. Біз үшін де енді бас мүфти өлді. Қаншама аят, хадис, дәлел тұрғанда, бас мүфтидің бұл орынсыз сөзі көңілімізге тиді. Иса пайғамбар Алланың әмірімен көкке ұшырылмады ма?» деген Фазлы Тонар имам-қожа ренішін жасырмады.

«Сен бір елдің дінін басқарып отырған бас мүфтисің. Сенің бұлай қате сөйлеуге қақың жоқ! Сен бұлай қателік жасасаң, сенің айналаңдағылар не істемемйді?» деген қожа бас мүфтиден дереу қатесін түзетіп, жұрт алдында түсінік беруін талап етті.

Дайындаған: Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ, Түркия.

Democrat.kz.

Фото интернеттен алынды.