Қазақтың несібесі оффшорға қалай ағып жатыр?

0
177

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіз шеттегі ақшаны қайтарумен әлек болып мемлекеттік деңгейде комиссия, жұмыс тобын құрып жатырсыз. Ал, сол ақшаны мындағылар шетелге оффшор арқылы ұрлаған. Құдды бір КТК құбырымен айдағандай жымқырған.

Қазақстан экономикасының локомотиві ол — мұнай-газ саласы. Ел бюджеті тікелей мұнай мен газға тәуелді. Ал, сол саланы меншіктеп алғандар халық пен болашақтың несібесін ұрлап отыр.

Саяси элита кезінде Құлыбаевтың «кошелогы» болған, қазір Бозымбаевтың қасындағы сенімді адамы деп атайтын Данияр Абылғазин Назарбаевтың отбасына өте жақындығын пайдаланып, елдегі мұнай-газ саласына қолын кең сермеді.

Елдегі ең сүбелі деген мұнай-газ саласына саусақты молынан салды. Өзі де жоғары қызметте, квазисекторда басшылық қызметте істеген кезінде күштік құрылымдар мен биліктің биік басындағы таныстары арқылы қаржыларды оффшорға шығарумен айналысты.

Әртүрлі мұнай өнімдерін жекелей де топтап та пытырлатып тұрып сатты. Қазақ мұнайын меншіктеп алғаны сонша, шетелдік алпауыттар мемлекетпен келіссөз жүргізгеннен гөрі Абылғазинмен келісе салу оңай деп ойлауға көшті.

Абылғазин шетелдерде (Франция, Испания, Англия) өте қымбатқа бағаланатын жылжымайтын мүліктерге ие. Жекеменшік Falcon 7x, ұшағы бар. Люкс классты қымбат автокөліктер мен жоғары бағаланатын өнер туындыларын сатып алуға әуес.

Абылғазин өз қызметін жүзеге асыратын сенімді тұлғалар мен компаниялардың тұтас желісін қалыптастырды. Олар:

Dostyk grain LLP, Dostyk munai base LLP, Dostyk refinery LLP, Dostyk transterminal LLP,

— Arion group LLP, Arion invest Commerce LLP, -Kapchagai LLP, Kapchagai resource LLP,

— Mercury management LLP, Mercury properties LLP, Mercury service company LLP,

— Viled fashion  LLP, Viled group LLP, Viled international LLP,

— Astana Luxe retail LLP, Astana real property development LLP,

— Boxing development centre LLP, Boxing federation of Almaty city,

-Kipros (Cypros) LLP,

-Premium oil LLP, Premium oil Trans LLP,  

-Turangas LLP

 

Абылғазиннің өрмекшінің торындай құрылған бұл компанияларын әр сала бойынша бір-бір адам жетекшілік еткен.

Мысалы, Тойбазаров Бауыржан мұнай-газ секторын шешіп отырған. Нұғыманов Темірлан энергетика, ойын бизнесі, жылжымайтын мүлік пен аграрлық салаға жауапты.

Азимов Тимур болса Швейцария, Англия жаққа оффшорға ақша шығару мен оны легализациялаумен айналысады. Жұбайы Айдан Сүлейменова құрылтайшы деуге болады.

Тойбазаров (директор ТОО «Sinoil») пен Тиесов (директор ТД «Казмунайгаз») кураторлық ететін мұнай өңдеу зауыттарын жіті тексеру керек сияқты. ПНХЗ, АНХЗ, ШНХЗ зауыттары кімге, қашан, қанша жанар-жағар май беру керек екендігін осы кураторлары шешіп келген!

Керек болса елдегі әрбір жанар-жағар май станциясы да осы кураторларға жәутеңдеп қарап отырған. Одан түскен ақшалар жоғарыда көрсетілген компаниялар арқылы шетел асып отқан!

Тақырыпқа тұздық: Бұл компаниялар өз ішінде ары қарай балалап кеткен. Мысалы, «Arion invest commerce» компаниясы ТОО «Первая ветровая электрическая станция», ТОО «Байдыбек жел электростанциясы», ТОО «New smart energy» компанияларының құрылтайшысы!

Яғни, бірінің артын бірі жауып отыратын компаниялар арқылы қаржының ізін жасырып отырған. Жоғарыдағы тізімдегі компаниялардың атауынан-ақ елдегі ең майлы, қоңды деген жерлерге тұмсық тыққанды қойып,  уыстап ұстап отырғанын көруге болады. Ал, бұны тексеруге тиісті құзырлы органдар тексере алмайды. Себебі, түсінікті.

Жалғасы бар…

Оңғар ҚАБДЕН, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.