Елімізде биыл қанша шенеунік жемқорлықпен ұсталды?
Жыл басынан бері 660 адам жемқорлыққа қатысты істі болған. Оның 104-і басшы қызметін атқарған. Әшкереленгендер арасында кімдер бар? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Антикор мәліметінше, биыл 5 айдың қорытындысы бойынша елімізде жемқорлыққа қатысты 947 қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген.
Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшы: 13 республикалық және 45 облыстық буынның басшысы.
Әшкереленгендердің арасында
бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов;
ТЖ жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев;
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі;
Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы;
«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы;
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК экс-директоры;
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы;
Шымкент қаласының – тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ұлытау» ұлттық табиғи паркі директорының міндетін атқарушы;
Ұлытау облысы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы және басқалар.
Әшкереленген 660 адамның 384-і — шенеунік (лауазымды адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар — еск.).
Өңірлер бойынша Астанада 45, Шымкентте 34, Алматыда 24, Алматы облысында 30 және Түркістан облысында 29 лауазымды адам ұсталған.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.