Жылаған баласын ұрып өлтірген

0
250

Ресейдің Краснояр аймағында анасы 4 айлық баласын ұрып өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2024 жылғы 27 шілдеде тергеу органдарына жер үйді 4 айлық баланың денесі табылды деген ақпарат түскен.

Жүргізілген сот-медициналық зерттеу нәтижесінде баланың өлімі зорлық-зомбылықтың салдарынан болғандығы анықталды. Осы факт бойынша Красноярск өлкесі мен Хакасия Республикасы бойынша Уярск ауданаралық тергеу бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 111-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Алдын ала тергеу органдары 2024 жылдың 25-27 шілдесі аралығында күдікті үйінде отырып, 3 жасар ұлына және жаңа туған баласының жылағанына ашуланып, кенже ұлының басын диванның ағаш жиегіне ұрған.

Баланың өлімі бас миының жарақаты, бас сүйегінің сынуы, мидың көгеруі салдарынан болған. Әйел балаларды жалғыз тәрбиелегені, отбасы профилактикалық есепте тұрмағаны анықталды. Күдікті ұсталды, жақын арада оған осы қылмысты жасады деген айып тағылып, бұлтартпау шарасы белгіленеді.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.