Исламофобияны дін ұстанғандардың өзі шығарды
Қоғамда Ислам дініне қатысты әлдебір пікір айта қалса, бірден «кәпірсің», «исламофоб» деп тулап шығатын діншілдер бар. Осыған байланысты Нұрлан имам өзінің ойымен бөлісті деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.
«Қоғамдағы ислаофобияны қарапайым халық емес, сол дінді ұстанып жүргендер, діннің атын жамылып жүргендер, өзі дінді дұрыс ұстанбайтын азаматтар шығарды. Діннің сипатын бұзғандар, діннің атын жамылып, қитұрқы іс істегендер санасыз демесем де, сауатсыздыққа бой алдырғандар шығарды. Неге? Өйткені ондайлар «тек қана менікі дұрыс, тек қана менің айтқаным болуы керек, сенің құндылығың, ұстанымың-қате» деп дінде зорлық жоқ деген қағиданы бұзды»,- дейді Нұрлан имам.
«Қазіргі діннің атын жамылғандарда өзгенің құқығын, сенімін сыйлау дегенді көреміз бе? Жоқ. Біреуді түрту, біреуді боқтау, ұру, менікін ғана ұстан деген бар» деген имам дінге шақыру үшін сауатты болу керегін айтады.
Фото интернеттен алынды.
@foundedin1970 Исламофобияны исламнын жаулары шыгарган #қоғамдауысы #нұрланимам #тәрбие #иман #тикток #подкаст