«Еркек көрсем, сабап тастағым келеді»
Өзімнен 7 жас үлкен жігітке тұрмысқа шықтым. Тойымның үстінде күйеуім жоқ боп кетті. Әзер іздеп тауып, жар жарға шықтық.
Тойымыз бітіп, бәрі тараған соң, өз өзіміз қалғанда, ең алғаш рет таяқ жедім.
Сондағы айтқаным » қайда барасың » дегенім үшін еді.
Содан кейін » қайда барасың «, » қашан келесің «, «қайдасың » — деген сұрақтарды қоймайтын болдым.
Сонымен айлар зулап, күндер сырғып, жылдар жылжып өте берді.
Ішіп келсе таяқ, шегіп келсе таяқ жеумен 7-жылым өтті. Арамызда бала болмады.
Оны да менен көрді. Әке шешемнің емдетпеген дәрігері, қазақысы қалмады. Сүйтіп жүріп, күйеуімді әзер көндіріп, облыстық ауруханаға тексеруге апардым. Дәрігерлер тексеру нәтижесінен кейін, маған бала көтеруге 90% пайыз дайынсың. Бірақ жолдасыңда 0% ұрық жоқ деді.
Осыдан кейін де, жолдасым мені кіналауын, ұруын қоймады. Талай рет кетіп қалғым да келген. Бірақ бауыр басып кеттім бе, әйтеу кетпей, сол босағада жүре бердім.
Бір күні таңертең ерте қайын ағам келді де, күйеуімді сұрады. Үйде ұйықтап жатыр деп ем. Жатын бөлмеге кіріп кетіп ұзақ сөйлесті. Артынан екеуіде киініп кетіп қалды.
Біраз уақыттан кейін енем келді және бір құдамызды ерте келді. Содан ұзақ уақыт күбір күбір әңгіме болды. Мені кіргізбеді. Тамағымды асып жүре бердім. Кешке қарай, енемнен бар күшімді жинап не болғанын сұрадым .
Сөйтсем менің күйеуім бір әйелмен біраз уақыт бойы сыйласып яғни көңіл жарастырып жүр екен. Сол күні түнде ішіп алып, ол әйелді әурелемек болыпты.
Содан мас екенін білген әйел қарсылық танытқан. Соған ашуланған менің байым, тонын жыртып, мойнындағы алтын алқасын үзіп, бетін тырнап тастаған екен.
Ал әйел со бойы милицияға барып мені зорламақ болды деп, шағым түсірген. Ал шағым, қайнағамның милиция досының қолына түскен екен. Жаны ашып қайнағама хабарласып, тездетіп арызды қайтармасаңдар, іс насырға шабады деген екен.
Маған айтпай күбірлеп жүргендері сол екен.
Мен бәрін есітіп біліп алғаннан кейін, қайнағама сол әйелдің үйіне апарыңыз дедім.
Әрі бері апарғысы келмеп еді. Отырып алдым. Сонымен бардым. Кешірім сұрадым.
Ол әйелдің маған айтпағаны қалмады. Ойнас жасаған еркекті несіне ақтайсың. Не үшін ол үшін кешірім сұрайсың, соттаттып жібер. Мен сенің орныңда болсам ажырасып кетер едім дегендей дымымды қалдырмады.
Сонда да тек қана кешірім беруін өтініп сұрай бердім. Үш күн дегенде кешірім алып. Күйеуімді сотталудан аман алып қалдым.
Бірақ сол күннен кейін менің оларға деген жеккөрінушілік сезімім оянып. Алты ай бойы сөйлемей қалдым. Жалпы үнім шықпай қалды. Жыламаймын, сөйлемеймін бірақ тірлігімді істеп жүре беремін.
Бәрі басылып, арада алты ай уақыт өткенде, маған қайта тиісе бастады. Сен мылқаусың. Сенің керегің жоқ деп. Бедеусің. Тумайсың деп. Өз диагнозын білседе мені кемсіте берді.
Сонда да үндемей шыдадым. Бір күні қатты мас болып кеп, мені өлімші етіп ұрды. Есімді ауруханада жинадым. Бірнеше күн ессіз жатыппын. Сол ессіз жатқан кезімде ғана бауырларыма хабар беріпті.
Кейін өз өзіме келгеннен кейін. Бірден ажырасамын деп шештім де. Сотта жұмыс жасайтын танысыма нотариус арқылы менің орныма ажырасу ісін жүргізуін талап етіп. Бір түнде кеттім де қалдым.
Мен не көрмедім десеңші. Оттағы қызып тұрған майға да күйдірді. Өлтірем деп, пышақта тықты. Неше рет жалаң аяқ түнде қашып кеткен кездерімде болды.
Сонда да бір рет төркініме шағым айтпаппын. Соңғы да ғана ессіз ауруханаға түскенімде ғана білді ғой.
Содан кейін ЕРКЕК атаулыдан көңілім қалған болатын. Алғашқы жылдары күле қараған еркектен жылан көргендей жиырылатын едім. Жек көргеннен еркек көрсем ұрғым кеп тұратын.
Міне осылайша еркек атаулыдан жеріп кеткен болатынмын.
Вот солай қыз ау, менің тағдырым. Ал кәзір құдайға шүкір, денім сау, жұмысым бар. Жаным тыныш. Жүрегім ауырмайды. Ештеңеден қорықпаймын. (Бір Алладан басқа)
P.S. Тағы бір әйелдің мұңы.
Гауһар ЖОЛМАХАНБЕТ, әлеуметтік желідегі жазбасы.
Фото интернеттен алынды.