Жаназада жоқтау айту — «фитна» ма?

0
1831

Балдызымның қызы қайтыс болды,аяқ астынан. Бүгін 7-күндік қадесін өткіздік.
Анасы мен әжесі қайғырып,болдырып қалған.Перзенті ғой қайтсін,әрі тұңғыштары.

Жоқтау айтып,жылап дегендей.
Әдеттегідей мешіттен молда алдырды.
Сол дастархан үстінде «ертегіні» (уағыз) жіберді келіп.

Қазан басында жүргесін бірін естіп-бірін естімейсің.
Ет тарта барғанда әлгі молдакең әлі сөйлеп отыр екен:
— жоқтау айту дұрыс емес,жоқтау айтқан сайын марқұмның көр азабы молая түседі. Жоқтау айту шариғатымызда жоқ,ол фитна-деп ұрып отыр.

— Молдеке 11 жасар қыз бала қайтты аяқ асты, ауырмады да.Ол бүлдіршін не істеп қойды Аллаға,соншама көр азабына салатындай? Жоқтау-ол іштегі өкінішті шығару,сағынышты басу,жазмышқа көну.Ол өлеңдетіп отырып айтатын қазақтың керемет дәстүрі.Тыңдап отырған адамның сай сүйегін сырқыратып, болашақта өзгелерде де ондай болмасын, өлім барын біле жүріңдер-деген тәлімі.Енді жоқтауға тиісе бастадыңдар ма?-дедім.

Үндемеді.
Дастарханда отырған үлкендер «әй балам, бара ғой» деді. Кетіп қалдым.
Молдалар не айтып,не қойғанын білмейді.

Ең болмаса қайғылы шаңырақтың кішкене бір медетіне тиіспесе болады ғой.
Арабта «жоқтау» жоқ екен деп дәстүрден беземіз бе?
Осыны айтып отырған қазақ…

Есбол МАХИСОВ, Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін алынды.