Блогер тікелей эфирде көз жұмды
ТикТоктың тікелей эфирінде миллиондаған көрерменді ерекше әрекетімен таңғалдыратын қытайлық блогер оқыстан көз жұмды деп хабарлайды Democrat.kz.
Қытайлық блогер Пан Сиау Тин тікелей эфирде 10 кг тамақ жеймін деп қайтыс болды. Оның мәйітін тексерген сарапшылар тамақ қалдықтарының асқазанда дұрыс қорытылмай қалып кеткенін анықтады.